"Кселл" АҚ (Қазақстан) Тараз қаласындағы компания филиалының лауазымды тұлғасына әкімшілік жаза қолданғаны туралы хабарлады

03.10.13 17:55
/KASE, 04.10.2013/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2013 жылдың 02 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Кселл" (одан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) акционерлік қоғамы, қазақстанда абоненттер саны мен табыс көлемі бойынша жетекші мобильдік провайдер, өзінің акционерлері мен инвесторларына төмендегі Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 79 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес ашуға жататын ақпаратты ұсынады. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің №305 қаулысымен 2013 жылдың 26 қыркүйегінде "Кселл" АҚ филиалының тараз қаласындағы лауазымды тұлғасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 504 бабында қарастырылған әкімшілік шара қолданылды, азаматтық қорғаныс саласында нормативті-техникалық талаптарды бұзғаны үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде 8 655 теңгені құрайтын айыппұл төленді. Байланыстар Инвесторлармен байланыс Ирина Шоль Tel: +7 727 2582755 вн. 1205 Investor_relations@kcell.kz Медиа Наталья Еськова Tel: +7 727 2582755 вн. 1902 Pressa@kcell.kz Халықаралық медиа College Hill Леонид Финк, Тони Френд, Кэй Ларсен Tel: +44 207 457 2020 цитата соңы [2013-10-04]