/ТҮЗЕТІЛДІ/ 24 қыркүйектен бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KZTKb2) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

24.09.13 10:07
/KASE, 24.09.13, баға белгілеу бірлігінің түзетілуіне байланысты қайта таратылады/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 24 қыркүйегінен бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; KZTKb2; 1 000 тенге, 45,5 млрд тенге, 30.10.09 – 30.10.19; жылдық 9,398 % ағымдық купондық кезеңге жылжымалы жылдық купон, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі, теңгемен көрсетілген, "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2013 жылдың 30 қазанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kztk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-09-24]