KZ
11 мамыр 2025, 15:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.09.2013 17:00 #Корпоративтік уақиғалар

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

/KASE, 13.09.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана), предоставило KASE пресс-релиз от 13 сентября 2013 года, в котором сообщается следующее:

цитата басы

2013 жылғы 12 қыркүйекте, "Самұрық-Қазына" АҚ (Бұдан әрі – Қор) Басқармасы, Қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен отырыста, "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ның 2013 жылғы І тоқсандағы қызметінің есебін тыңдады.

Жиында Жылжымайтын мүлік қорының есепті кезеңде 881 млн. теңге таза пайда тапқаны атап өтілді, бұл жоспардағыдан 2% жоғары. Сонымен қатар, Жылжымайтын мүлік қорында шығын көлемі, соның ішінде жалпы және әкімшілік шығындар 23%-ға, қаржылық шығын 18%-ға азайған.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы есепті кезеңде, құрылыс салушылар өтінімі бойынша, 6 инвестициялау келісімі жасалған. Бекітілген келісім бойынша нышандардың көлемі 578 мың шаршы метр немесе 7 464 пәтер, оның ішінде 5756 пәтер Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі.

Бүгінгі таңда Жылжымайтын мүлік қорының қарауында жалпы көлемі 348,8 шаршы метр болатын 16 тұрғын үй құрылысының жобасы бар. Сондай-ақ, Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салуда жергілікті жерді қамту мен кадрлық әлеуетті ұлғайтуға көңіл бөліп отыр. Іске асырылған жобалардың 70 %-ы қазақстандық үлес. Қор бұл көрсеткішті алдағы уақытта да сақтап қалуды көздеп отыр.

Жылжымайтын мүлік қорының есебін тыңдау нәтижесінде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерді 2013 жылдың аяғына дейін іске қосу, жаңа стратегиялық бағыттар бойынша, соның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында салынатын "Жасыл квартал" жобасын қоса, өзге де инвестициялық жобалар бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

Жұртшылықпен байланыс Департаменті "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ: +7 (7172) 554114; + 7 (777) 777 72 89

цитата соңы

[2013-09-13]