ҚҰБ ҚҚК "Алматинские электрические станции" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E421 (KZ2C00001923, ALESb1) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

10.09.13 16:50
/KASE, 10.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алматинские электрические станции" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 04 қыркүйегінде ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Алматинские электрические станции" АҚ KZP01Y03E421 (KZ2C00001923, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ALESb1; 100 теңге, 6,2 млрд теңге, 27.12.12 – 27.12.15; жылдық 7,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес аталмыш облигациялардың 2013 жылдың 27 маусымына 61 630 000 данасы орналастырылған. [2013-09-10]