KZ
12 шілде 2025, 15:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.07.2013 12:53 #Қаржы құралдары

Caspian Services, Inc. (США) US14766Q1076 (US_CSSV) жай акциялары 24 шілдеден бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

/KASE, 24.07.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 27 маусымдағы шешімімен US14766Q1076 Caspian Services, Inc. (Солт-Лейк-Сити) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 24 шілдеден бастап өз күшіне енді.

Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады

Caspian Services, Inc қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш жай акцияларға US_CSSV қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді

Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланды.

[2013-07-24]