Caspian Services, Inc. (США) US14766Q1076 (US_CSSV) жай акциялары 24 шілдеден бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

24.07.13 12:53
/KASE, 24.07.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 27 маусымдағы шешімімен US14766Q1076 Caspian Services, Inc. (Солт-Лейк-Сити) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 24 шілдеден бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады Caspian Services, Inc қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға US_CSSV қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/us_cssv мекен-жайы бойынша жарияланды. [2013-07-24]