ҚҰБ ҚҚК "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05D212 (KZ2C00000578, CCBNb21) облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

19.07.13 12:23
/KASE, 19.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Астана), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 05 шілдесіндегі хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Банк ЦентрКредит" АҚ KZP01Y05D212 (KZ2C00000578, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалау бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb21; 100 теңге, 8,0 млрд теңге; 27.11.09 – 27.11.14, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 8,00 % ; 30/360) облигацияларын орналстыру қорытындысы туралы есепті бекітті. ҚҰБ ҚҚК 2013 жылдың 28 мамырдағы хабарламаға сәйкес 20 071 000 аталмыш облигациялар орналастырылды. Аталмыш облигацияларды орналастыру туралы есепбі KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_razmb21_050713.pdf мекен-жайына танысуға болады. [2013-07-19]