"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

18.07.13 10:45
/KASE, 18.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған акцияларының (тек KZ1C29950017, KZ1C00000744 жай акциялары) жалпы саны 384 635 600 дана; - компанияның 384 635 599 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде компанияның 346 172 040 акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,00 %). [2013-07-18]