KZ
9 мамыр 2025, 15:02
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.07.2013 18:20 #KASE Индексі

KASE 2013 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМІН АНЫҚТАДЫ

/KASE, 15.07.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2013 жылдың сәуіріндегі шешімімен, 2013 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімін анықтады.

Аталған шешімге сәйкес 2013 жылдың 01 тамызынан бастап KASE индексі есебі үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

Сонымен, 2013 жылдың 01 мамырынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады:

---------------------------------------------------------------------------
# п/п Акция коды ҰСН немесе ISIN Эмитент                 Fi        Ri Үлесі
----- ---------- --------------- -------------------- ----- --------- -----
  1   CCBN        KZ1C36280010   " ЦентрКредит Банкі"  51,1 1,0000000   2,5
                                  АҚ                                       
  2   GB_ENRC     GB00B29BCK10   EURASIAN NATURAL     306,8 0,3952139  15,0
                                 RESOURCES                                 
                                 CORPORATION PLC                           
  3   GB_KZMS     GB00B0HZPV38   KAZAKHMYS PLC        306,8 0,3193951  15,0
  4   HSBK        KZ1C33870011   "Қазақстан Халық     306,8 0,7853841  15,0
                                 Жинақ Банкі" АҚ                           
  5   KCEL        KZ1C00000876   "Кселл" АҚ           306,8 0,4257092  15,0
  6   KKGB        KZ1C00400016   "Казкоммерцбанк" АҚ   57,9 1,0000000   2,8
  7   KZTK        KZ1C12280018   "Казахтелеком" АҚ    205,3 1,0000000  10,0
  8   KZTO        KZ1C29950017   "КазТрансОйл" АҚ     197,1 1,0000000   9,6
  9   RDGZ        KZ1C51460018   "ҚазМұнайГаз" Барлау 306,8 0,1450621  15,0
                                 Өндіру" АҚ                                
---------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 14.01.11 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 01.01.11 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Тәуекел комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.02.11 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр.

Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі.

Әдістеме мәтіні KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2013-07-15]