"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қызмет алдын-ала қорытындысы туралы хабарлады
/KASE, 15.07.13/ - Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE)"КазТрансОйл" АҚ (Астана), биржаға (KASE), 2013 жылдың 15 шілдесінегі төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың бірінші жарты жылдығына қаржы- экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша алдын-ала қорытындысы туралы жұртшылыққа айтып білдіреді.
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 26 млн. 198 мың тоннаны құрады, бұл бірінші жарты жылдықтағы жоспармен 2%-ға жоғары және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 1% төмен.
Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 32 млн. 681 мың тоннаны құрады, жоспарлы межеден 3% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас нәтижесінен 2% жоғары.
Мұнайдың айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 18 млрд. 334 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 10% жоғары.
Ал шоғырландырылған айналымы 22 млрд. 510 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 10% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 11% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 11 млн. 237 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 9% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 2% жоғары.
цитата соңы
Аталмыш баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб- сайтында:
- қазақ тілінде – толығырақ
- орыс тілінде – толығырақ
- ағылшын тілінде – толығырақ мекен- жайында танысуға болады.
[2013-07-15]