"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) Standard & Poor's агенттігінің несие рейтингін растағаны туралы хабарлады

10.07.13 17:07
/KASE, 10.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "КазТрансОйл" АҚ (Астана), биржаға (KASE), баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Standard & Poor's Халықаралық рейтинг агенттігі (одан әрі – S&P) 2013 жылдың 5 шілдесінде "КазТрансОйл" АҚ (одан әрі - Қоғам") несие рейтингін "ВВВ-" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты". S&P Қазақстан Республикасының экономикасы үшін компанияның ролі маңызды екенін атап өтіп, Қоғамға жедел мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігін жоғары бағалайды. Қоғамның несие рейтингі мықты нарықтық және бәсекелестік жағдайда, мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді келісімшарттардың ықпалын, мұнайды тасымалдаудан тұрақты ақша ағымын көрсетеді. S&P пікірі бойынша, "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰК және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін стратегиялық маңызы - Қазақстан Республикасындағы мұнай құбырларының негізгі операторы болып табылады. цитата басы [2013-07-10]