Caspian Services, Inc. (АҚШ) US14766Q1076 (US_CSSV) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

28.06.13 11:44
/KASE, 28.06.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен Caspian Services, Inc. (Солт-Лейк-Сити) US14766Q1076 жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Caspian Services, Inc жарияланған акцияларын шығару 500 000 000 жай акцияны құрайды, бір акцияның номиналдық құны – 0,001 долларын құрайды. Caspian Services, Inc қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы -"BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Caspian Services, Inc тіркеушісі Interwest Transfer Company Inc. (Salt Lake City, АҚШ). Caspian Services, Inc төлем агенті қазақстандағы өкілі "Caspian Services, Inc." ("Каспиан Сервисэс Инк.") (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған (сауда коды) US_CSSV берілді. Caspian Services, Inc негізгі қызметі - кемелерді жалға беру қызметі, Батыс Қазақстан мен Каспий теңізінде теңізде және құрылықта тасымалдау аймақтарында геофизикалық қызметтер көрсету болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-06-28]