KASE ПРЕЗИДЕНТІНЕ А.М.ЖОЛДАСБЕКОВ САЙЛАНДЫ
27.06.13 18:13
/KASE, 27.06.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2013 жылдың 27
маусымдағы шешімімен Азамат Мырзаданұлы Жолдасбеков KASE
Президенті болып үш жылға сайланды.
А.М.Жолдасбеков Директорлар кеңесінің мүшесі, "Темiрбанк" АҚ тәуелсіз
директоры, "ҰларҮміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ тәуелсіз директоры,
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің
төрағасы, тәуелсіз директоры болып табылады.
2012 жылдың 30 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін А.М.Жолдасбеков
KASE Биржалық кеңесінің мүшесі болып табылады.
Сонымен, 2013 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE Басқармасының құрамы
төрт адамнан тұрады: А.М. Жолдасбеков (Президент), И.М.Сәбитов (Бірінші
Вице-президент), А.Ю. Цалюк (Вице-президент), Н.Ю.Хорошевская (Ақпарат
және талдау департаментінің директоры).
[2013-06-27]