Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 10 маусымда биржа капиталына қатысу үлесін 50,1 % дейін арттырды
/KASE, 13.06.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2013 жылдың 10 маусымында KASE капиталына қатысу үлесін биржаның орналастырылған акцияларынан 50,1 % дейін арттырғаны туралы хабарлады.
Бұрын хабарлағандай, KASE Биржалық кеңесі биржа акционерлерінің құрылымын Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 26 қарашасындағы № 57-V "Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне шағын қаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша кйбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы " заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында 2013 жылдың 31 мамырындағы отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің KASE капиталындағы қатысу үлесін арттыру туралы шешім қабылдады.
KASE акционерлері туралы мәліметтер толығырақ мекен-жайында орналасқан.
[2013-06-13]