"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлеріне - жеке тұлғаларға және брокердік компанияларға 2012 жылға дивиденд төлеуге қатысты KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) жай акциялары бойынша акционерлердің жеке мәліметтерін анықтауы туралы хабарлады

31.05.13 18:17
/KASE, 31.05.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "КазТрансОйл" АҚ(Астана), биржаға (KASE), өзінің акционерлері мен брокерлік компанияларына төмендегідей үндеу жариялады: цитата басы Акционерлер мен делдалдарға үндеу Құрметті акционерлер/инвесторлар мен делдалдық компаниялар! 2013 жылы 28 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтті. Оның барысында 2012 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу шешімі қабылданды. Дивидендтер бір акцияға шаққандағы 75 теңге мөлшерінде төленеді. Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 13 маусымында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болды. Дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 04 шілдесінен басталады. Дивидендтерді алу барысында проблеманың пайда болмауына қарай келесін жасауға қадала сұраймыз: 1. Акцияға меншік құқығы Сізге тиісті екендігіне көз жеткізу. Ол үшін өз делдалыңызбен байланысып, Сіздің атыңызға «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларының сатып алынғаны және дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлер тізімнің жасалу күніне қарай осындай акциялар Сіздің делдалдық субшотында жатқаны туралы қуаттауды алу керек. 2. Егер Сіз жеке бас куәлігіңізді немесе ЖСН ауыстырсаңыз, онда Сіз делдалыңызға өз дербес деректеріңіздің өзгерістері туралы ресми хабарлап, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің тізіліміне енгізу үшін өзгерілген дербес деректеріңіздің жіберілуін талап етуге міндеттісіз. 3. Дивидендтерді төлеу басталатын уақыттан кейін өз делдалыңызға жолығып, алған дивидендтерді өзіңіздің делдалдық шотыңыздан екінші деңгейлі банктегі шотқа аудару бұйрығын беруіңізге болады. «ҚазТрансОйл» АҚ делдалдық компанияларды клиенттерінің дербес деректерін уақытында тапсыру қажетті екендігін өз клиенттеріңізге хабарлауға сұрайды. Түсінгеніңізге рахмет. Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл" АҚ цитата соңы [2013-05-31]