28 мамыр күні биржада өткен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, CCBNb22) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады
28.05.13 17:21
/KASE, 28.05.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZP02Y10D210
(KZ2C00000586, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb22; 100 тенге,
12,0 млрд тенге; 27.11.09 – 27.11.19, жарты жылдық купон, жылдық
8,00 %; 30/360) облигацияларын кері сатып алу бойынша арнанайы
мамандандырылған сауда-саттық болып өтті.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
бақылау комитетімен 2008 жылдың 18 қыркүйегінде тіркелген, "Банк
ЦентрКредит" АҚ жалпы сомасы 100,0 млрд теңге екінші облигациялық
бағдарламасының екінші шығарылымы және, эмитенттің биржада листинг
процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының 22-ші шығарылымы
болып табылады.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы " Банк
ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05D212
облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының
66,6 %) 79 931 000 данасын құрайды
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Debts_List_ST1 ( Rated_ST1 тобы) секторында, Алматы уақыты (ALT)
11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы
коды – CCBNb22. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT
16:00-ге дейін анықтайды.
Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты, олар 10 000 000 облигацияны
сатып алуға 1 өтінім берді. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан 12,5 %
есе асты. Берілген белсенді өтінімдердегі бағалар 100,0000 % (7,9999
%жылдық) құрады.
"Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының
9 бабы 18 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, сауда-саттықта кемінде екі
қатысушы болуы тиістігіне байланысты, арнайы мамандандырылған
сауда-саттықтар жүзеге аспады деп танылып, жарияланды.
[2013-05-28]