"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Казахстан) «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ «Мұнай-газ саласында SAP индустриалды шешімінің кеңінен енгізілуі» аталымында SAP сыйлығын алғаны туралы хабарлады

24.05.13 10:14
/KASE, 24.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға (KASE) 2013 жылдың 23 мамырында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" «Мұнай-газ саласында SAP индустриалды шешімінің кеңінен енгізілуі» аталымында SAP сыйлығын алды Алматы қаласында 2013 жылдың 17 мамырында өткен SAP Форумы – 2013: Қазақстан экономикасының барлық салаларының инновациялық шешімі марапаттау рәсімі Орталық-Азия өңірінде инновациялық технологиялар саласында ауқымды іс-шара көлемінде өтті. SAP Форумы - әлемнің ірі қалаларында өтетін SAP халықаралық жыл сайынғы іс-шара. Осы жылы Алматы қаласындағы Форумға қатысқан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан бизнес- қоғамдастығының 1300-ден астам өкілі болды. Форум «Бизнестің болашағы – бүгінгі күн!» ұранымен өтті және басқарудың көшбасшылыққа, инновацияларға және осы заманғы технологияларға арналды. Форум шеңберінде ел экономикасының дамуындағы инновацияның маңыздылығы, өнімділіктің өсуіне мүмкіндік туғызатын кәсіпорында инновацияны енгізу және жалпы алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасында алғашқы рет Service Station and Convenience Retailing (SSCR) SAP шешімі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» (ҚМГӨ) компаниясымен кеңінен тараған және өнімді пайдаланылуда. Аталған SAP шешімі отынды және ілеспе тауарларды сатуды басқару жүйесін жақсартуға және жетілдіруге, қорларды тиімді басқаруды және «ҚазМұнайГаз» жанар- жағар май құю станцияларының барлық бөлшек сауда желісі бойынша жеткізуді қамтамсыз етуге мүмкіндік береді. SSCR SAP шешімі ҚМГӨ-де бар жанар-жағар май кешендерінің технологиялық үдерістерді басқару жүйесімен табысты интегрияланған және ресурстарды оңтайландыруға қажетті объективті және өзекті ақпараттық мәліметтерді алу мүмкіндігін ұсынады. ҚМГӨ жобасының ерекшелігі Қазақстан Республикасы аумағында, жалпы алғанда ТМД елдері бойынша даунстримда ұқсас үйлестіктердің болмауын және енгізілу ауқымын, бірегейлікті білдіреді. Қосымша ақпарат алу үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ ақпарат және жарнама бөліміне хабарласуға болады, Астан қ, Қабанбай батыр к,17, "Халықаралық бизнес-орталығы" Тел.: 8 (7172) 97 42 30, сайт –www.azskmg.kz цитата соңы [2013-05-24]