«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (Қазқстан) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына өзінің облигациялары бойынша қарыздарын төлегені туралы хабарлады
08.05.13 14:11
/KASE, 08.05.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде
тұрған (KASE) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (Астана) биржаға
(KASE), 2013 жылдың 08 мамырында төмендегі мазмұнда баспасөз
хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГҰК») «ҚазМұнайГаз»Барлау
Өндіру» АҚ-ына («ҚМГ БӨ», «Компания») өз қаржы құралдарынан өз
Облигациясы бойынша өтелмеген сомманы және есептелген сыйақыны
төлеу ниеті туралы хабарлады. ҚМГ БӨ 2010 жылдың маусымында 2013
жылдың 24 маусымында өтеу мерзімімен 222 млрд. теңге соммаға (1,5
млрд. АҚШ доллары ) ҚМГ ҰК Облигациясын иеленді.
2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ ҰК Облигациясы
бойынша өтелмеген сомма және есептелген сыйақы 134 млрд. теңгені (892
млн. АҚШ доллары) құрады.
ҚМГ ҰК аталған шешімі 2013 жылдың сәуірінде 3 млрд. АҚШ доллары
көлемінде ҚМГҰК евроблигациясы орналастырылымының және
шығарылымның табысты тәмәмдалуымен байланысты.
Байланыс ақпараты:
"КМГ БӨ", Бұқарамен байланыс (+7 7172 97 7915)
Жанна Ойшыбаева
e-mail: pr@kmgep.kz
"БӨ "КМГ", Институционалдық инвесторлармен байланыс
(+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
e-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы
[2013-05-08]