"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) XS0602554825 (CCBNe6) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
08.05.13 10:26
/KASE, 08.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың
08 мамырынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) XS0602554825
(CCBNe6; $160,0 млн; 22.03.11 – 07.05.13, жылдық 12,50 % жарты жылдық
купон; 30/360) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп
хабарлайды.
Аталмыш облигациялар 2011 жылдың 31 мамырынан бастап KASE ресми
тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының
ресми тізіміне енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 01 шілдесінде
ашылған.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде мәмілелер
жасалған жоқ.
[2013-05-08]