"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) XS0602554825 (CCBNe6) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

08.05.13 10:26
/KASE, 08.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 08 мамырынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) XS0602554825 (CCBNe6; $160,0 млн; 22.03.11 – 07.05.13, жылдық 12,50 % жарты жылдық купон; 30/360) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар 2011 жылдың 31 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының ресми тізіміне енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 01 шілдесінде ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде мәмілелер жасалған жоқ. [2013-05-08]