02 мамыр күні "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) Қазақстан қор биржасында өзінің 40,1 млн KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, CCBNb22) облигацияларын 5,70 %-бен орналастырды

02.05.13 18:00
/KASE, 02.05.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb22; 100 тенге, 12,0 млрд тенге; 27.11.09 – 27.11.19, жылдық 5,70 % индекстелген жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетімен 2008 жылдың 18 қыркүйегінде тіркелген, "Банк ЦентрКредит" АҚ жалпы сомасы 100,0 млрд теңге екінші облигациялық бағдарламасының екінші шығарылымы және, эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының 22-ші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы " Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05D212 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының барлық көлемі) 120 000 000 данасын құрайды Сауда-саттық мәні реті, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 15:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа, өтінім беру кезеңі аяқталар сәтінде белсенді болып қалған, 40 069 000 облигация сатып алуға үш өтінім берген, екі KASE мүшесі қатысты. Осылайша, сауда-саттық барысындағы сұраным ұсынымнан 33,4 % құрады. Берілген белсенді шектелімді өтінімнің бағасы составила 100,0000 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 5,6991 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде зейнетақы нарығының субъектілерінің үлесі 99,8 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың – 0,2 % құрады. Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 96,0420 % деңгейінде белгіледі, барлық белсенді өтінімді қанағаттандырды. Бұл ретте, тарту сомасы 4 105 236 004,17 теңгені құрды. [2013-05-02]