"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Казахстан) XS0925015074 (KMGZe6) және XS0925015157 (KMGZe7) халықаралық облигациялары 30 сәуірден бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

30.04.13 12:13
/KASE, 30.04.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 20 наурызындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) мынадай облигациялары енгізілді - XS0925015074 ($1,0 млрд; 30.04.13 – 30.04.23, жылдық 4,40 % жарты жылдық купон; 30/360) - XS0925015157 ($2,0 млрд; 30.04.13 – 30.04.43, жылдық 5,75 % жарты жылдық купон; 30/360). Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 30 сәуірінен бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Облигациялардың бірлескен жетекші менеджерлері және букраннерлері Barclays және Bank of America Merrill Lynch болып табылады, бірлескен жетекші менеджері және қазақстандық букраннері "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады, қазақстандық жетекші менеджері "VISOR Capital" АҚ (ВИЗОР Капитал) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KMGZe6 және KMGZe7 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 2013 жылдың 30 сәуірінде http://www.kase.kz/ru/emitters/show/smay мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-04-30]