Fitch агенттігі "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) еурооблигацияларының екі шығарылымына ақтық рейтингтерін берді

29.04.13 11:48
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 26.04.13, ағылшын тілінен Fitch Ratings аудармасы, KASE тақырыптамасы/ – Fitch Ratings агенттігі "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚМГ ҰК"), сомасы 1 млрд долл., мөлшерлемесі 4,4 %, өтеуі 2023 ж. және сомасы 2 млрд долл. мөлшерлемесі 5,75 %, өтеуі 2043 ж., облигацияларына шетел валютасындағы артықшылықты қамтамасыз етілмеген ақтық рейтингтерін "BBB" деңгейінде белгіледі. Облигациялар ҚМГ ҰК орта мерзімдің бағдарламаы шегінде, жалпы көлемі 10,5 млрд долл., "BBB" Fitch рейтингімен шығарылған. Ақтық ретингтер алдында алған ақпараттарға сәйкес келетін, облигациялар бойынша ақтық құжаттарды қараудан кейін берілді. Осы баспасөз-мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1190467 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-29]