KZ
11 мамыр 2025, 07:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.04.2013 15:43 #Корпоративтік уақиғалар

"Кселл" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

/KASE, 22.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 19 сәуірінде биржаға жолдағанбаспасөз мәлімдемесіде былай забарлады:

"Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы кірісінің көлемі мен абоненттік базасы бойынша жетекші оператор – 2013 жылдың бірінші тоқсанына өз қызметінің аудит жүргізілмеген нәтижелерін жариялайды.

Бірінші тоқсан

  • кіріс деңгейі 4.0 пайызға көбейіп, 43,053 миллион теңгені құрады (41,397).
  • EBITDA көрсеткіші, біржолғы шығындарды қсопағанда, 1.2 пайызға ұлғайып, 23,728 миллион теңгені құрады (23,454).
  • EBITDA рентабельділігі 55.1 пайызға дейін төмендеді (56.7).
  • негізгі қызметі бойынша кірісі, біржолғы шығындарды қоспағанда 2.1 пайызға артып, 17,956 миллион теңгені құрады (17,590),
  • таза пайда 2.5 пайызға көбейіп, 13,656 миллион теңгені құрады (13,325).
  • еркін ақша ағымы 11,026 миллион теңгеге дейін азайды (15,227).
  • Клиенттік база 310,000 абонентке көбейіп, пайдаланушылар саны 13.8 миллион абонентке жетті.

Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтеында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады

[2013-04-22]