2013 жылдың 24 мамырында "Кселл" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

22.04.13 14:27
/KASE, 22.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 24 мамырында сағат 11:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, келесідей күн тәртібімен, болып өтетіні туралы хабарлады: - жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысы лауазымына үміткерлер арасынан сайлау, дауыс беру формасын бекіту; - компания акционерлерінің күн тәртібін бекіту; - Есетік комиссиясының құрамы мен өкілеттілік мерзімін бекіту, сондай-ақ оның мүшелерін сайлай; - компанияның аудиторын бекіту; - компанияның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - есептік қаржылық жылдағы компанияның таза пайдасын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдап, компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемі бекіту - компанияның Директорла кеңесінің мүшелерін сайлау. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., М. Оспанов көш., 401/2, Royal Tulip Almaty қонақүйі мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2013 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда, компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 27 мамырында сол уақытта сол жерде болып өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен жиналыс болар күнге дейінгі 10 күн бойы: Алматы қ., Самал-2 ы/ауд., 100 мекен-жайы бойынша таныса алады. [2013-04-22]