Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 сәуіріндегі үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
/KASE, 19.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 522 150 770 дана;
- компанияның 518 157 799 акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.
[2013-04-19]