02 мамырда биржада "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, CCBNb22) облигацияларының сауда-саттығы өткізіледі

19.04.13 14:32
/KASE, 19.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2013 жылдың 02 мамырда KASE сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZP02Y10D210 (KZ2C00000586, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb22; 100 тенге, 12,0 млрд тенге; 27.11.09 – 27.11.19, жылдық 5,70 % индекстелген жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетімен 2008 жылдың 18 қыркүйегінде тіркелген, "Банк ЦентрКредит" АҚ жалпы сомасы 100,0 млрд теңге екінші облигациялық бағдарламасының екінші шығарылымы және, эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының 22-ші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы " Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05D212 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының барлық көлемі) 120 000 000 данасын құрайды Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Debts_List_ST1 ( Rated_ST1 тобы) секторында, Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – CCBNb22. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 25 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9b5_2006.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb22 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-04-19]