/ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ/ 2013 ЖЫЛДЫҢ 15 СӘУІРІНЕН БАСТАП БИРЖАДА "КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ ФЬЮЧЕРСТЕРІМЕН ЖӘНЕ "КСЕЛЛ" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ ФЬЮЧЕРСТЕРІМЕН САУДА-САТТЫҚ АШЫЛАДЫ
/KASE, 15.04.13, келісімшарттардың алғашқы теориялық бағалары туралы ақпарат енгізілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі шешімімен төмендегі туынды қаржы құралдырамен сауда-саттық ашылады:
- "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерстері;
- "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акциялары фьючерстері;
KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш келісімшарттарға қысқартылған белгілер берілді (сауда-саттық коды) F_KCEL1306, F_KZTO1306, F_KCEL1309 және F_KZTO1309.
Комитеттің шешімімен бағалы қағаздардың индекстері мен бағасы бойынша аталмыш фьючерстерге келесі алғашқы теориялық бағалар белгіленді:
F_KCEL1306 – бір акцияға 2 144,0 теңге;
F_KCEL1309 – бір акцияға 2 162,8 теңге;
F_KZTO1306 – бір акцияға 828,3 теңге;
F_KZTO1309 – бір акцияға 835,6 теңге.
F_KCEL1306 және F_KZTO1306 фьючерстерімен сауда-саттық күні - 2013 жылдың 14 маусымы, F_KCEL1309 және F_KZTO1309 – 2013 жылдың 13 қыркүйегі.
Аталмыш келісім шарттармен сауда-саттық биржада жұмыс күндері алматы уақытымен сағат 10:00-ден 15:30 - ға дейін жүргізіледі, осы сауда-сатық бойынша клирингтік сессия алматы уақытымен – 15:30-дан 16:00-ге дейін.
"КазТрансОйл" АҚ жай акциялары фьючерстерінің ерекшеліктері KASE веб- сайтында толығырақ мекен- жайында жарияланған.
"Кселл" АҚ жай акциялары фьючерстерінің ерекшеліктері KASE веб- сайтында толығырақ мекен- жайында жарияланған.
Туынды қаржы құралыдарымен сауда -саттық ережелері KASE веб- сайтында толығырақ мекен- жайында орналасқан.
Биржадағы жедел келісімшарттармен сауда-саттық қорытындылары толығырақ жарияланған.
[2013-04-15]