/KASE, 11.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2013 жылдың 19 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172, KASE ресми
тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты,
KMGZb4; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 09.11.10 – 09.11.17; 30/360)
дисконттық облигацияларымен сауда-саттықтар өткізілетіндігін
хабарлайды.
Сауда-саттыққа сатушы ретінде "Темірбанк" АҚ (Алматы) қатысады.
Орналастырудың жарияланған көлемі 2 000 000 KZ2C0Y07D899 облигация
(осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 2 %).
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін Debts_List_ST3
(Rated_ST3 тобы) секторында өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы
коды – KMGZb4. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT
16:00-ге дейін анықтайды.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы корреспондеттік есеп-шотында
15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген,
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.
Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін
дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген,
облигацияның дисконтталған бағасы белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы
құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір
облигацияның бағасына көбейтіндісі белгіленуі тиіс.
Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі – өтінімдердің кесімді бағасы
бойынша.
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – лимттелген қарсы
өтінімдердің бағасы бойынша.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
мекен-жайы бойынша жарияланған.
Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында
жарияланған.
Аталмыш облигациялық бағдарламаның аңдатпасымен
http://www.kase.kz/ru/bonds/show/KMGZb4 мекен-жайы бойынша танысуға
болады.
[2013-04-11]