"Сбербанк Росcии" АҚ (Қазақстан) KZP02Y05E010 (KZ2C00001980, TXBNb7) облигациялары 20 наурыздан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

20.03.13 15:56
/KASE, 20.03.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 15 наурызындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Сбербанк Росcии" АҚ (Алматы) KZP02Y05E010 (KZ2C00001980, 1 тенге, 20,0 млрд тенге; 24.12.12 – 24.12.17, жылдық 6,25 % жартыжылдық купон; 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 20 наурыздан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Сбербанк Росcии" АҚ қаржылық кеңесшісі "Тройка Диалог Казахстан" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылар өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) TXBNb7 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 2013 жылдың 20 наурызында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/txbn мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-03-20]