"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) Қазақстанның ұлттық компаниялары арасында ең үздік жұмыс беруші деп танылғаны туралы хабарлады
14.03.13 16:38
/KASE, 14.03.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) ресми
хатпен 2013 жылдың 14 наурызындағы төмендегі мазмұндағы баспасөз
хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Бүгін "Адам ресурстарын басқару: ІІІ мыңжылдықтың HR-трендтері"
халықаралық конференциясы аясында "Сенiм 2013" конкурсының
қорытындысы шығарылды. "Үздік ұлттық жұмыс беруші компания"
номинациясы бойынша жеңімпаз "Қазақтелеком" АҚ болды.
Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ 30 000 астам қызметкер жұмыс істейді.
Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуы бойынша бұл жеңіс
компанияның жұмыс беруші ретіндегі мәртебесін кезекті растау болып
табылады деді. "Біздің компанияның қызметінің инновациялық сипаты жаңа
бағыттағы кадралардың даярлығын талап етеді. Сондықтан да біз кадр
саясатында қазіргі заманғы басқару технологиясын пайдалануды және
әлемдегі үздік компаниялардың тәжірибесін үйренуге тырысамыз", – деп
атап өтті К.Есекеев.
Конкурсты жыл сайын HR-менеджерлер ассоциациациясы мен "Самұрық-
Қазына" корпоративті университеті өткізеді, биылғы жылы оған еліміздің 60-
тан астам жұмыс берушілері қатысты.
"Қазақтелеком" АҚ
жұртшылықпен байланыс қызметі
цитата соңы
[2013-03-14]