KZ
9 мамыр 2025, 17:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.03.2013 11:30 #Корпоративтік уақиғалар

Н.Ю. Хорошевская KASE Басқармасының мүшесі болып сайланды

/KASE, 01.03.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2013 жылдың 28 ақпандағы шешімімен Наталья Юрьевна Хорошевская 2013 жылдың 01 наурызынан 2014 жылдың 31 тамызына дейін уәкілеттік мерзімімен KASE Басқармасының мүшесі болып сайланды.

Н.Ю. Хорошевская биржада 1994 жылдан бастап жұмыс істейді, 2007 жылдың қазан айынан бері KASE Ақпарат және талдау департаментінің директоры лауазымын атқаруда.

Жоғарыдағы өзгерісті ескере отырып, KASE Басқармасы төрт адамнан тұрады: Қ.Қ. Дамитов (Президент), И.М. Сәбитов (Біріншій Вице-президент), А.Ю.Цалюк (Вице-президент), Н.Ю. Хорошевская (Ақпарат және талдау Департаментінің директоры).

[2013-03-01]