"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Ақтау қаласындағы халықаралық әуежайдың қайта құру жұмыстарының екінші кезеңі аяқталғанын хабарлады
28.02.13 12:47
/KASE, 28.02.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) биржаға
(KASE), 28 ақпандағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Ақпанда Ақтау әуежайында ұшу-қону жолақтарын қайта құру бойынша
жұмыстар (бұдан әрі - Жоба) аяқталды. Инвестициялық Жобаның жалпы
құны 47 млн. АҚШ долларын құрады. Жоба мемлекеттік АО «Қазақстанның
Даму Банкі» (бұдан әрі – ҚДБ) қолдауымен жүзеге асырылды. ҚДБ
қаржыландырған сомасының жалпы көлемі 36,8 млн. АҚШ доллар.
Жобаның екінші сатысының іске асырылуының арқасында жолаушыларға
қызмет көрсету және қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. 2010
жылы Ақтау әуежайын қайта құру бойынша жобаның бірінші кезегінің жүзеге
асыру аясында жаңартылған жолаушылар терминалы іске қосылды.
Терминалдың жаңа қызмет көрсету залдары жылына 3,5 миллион
жолаушыны қабылдай алады.
Стратегиялық маңызы зор халықаралық әуежай - Батыс Еуропаны Оңтүстік
Азиямен байланыстыратын әуе бағыттарының қиылысында орналасқан.
Қайта құру жұмыстар Парсы шығанағы елдерінен транзиттік жүк тасқынын
қабылдайтын «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізіне қатысуға анағұрлым
бәсекелі басымдылық береді.
Бүгінгі таңда Ақтау әуежайы Астана және Алматы қалаларынан кейін
тасымал көлемі мен саны бойынша ҚР-да үшінші орында тұр. Әуежайда 90-
нан астам отандық және шетелдік әуекомпанияларға қызмет көрсетіледі.
Ақтау халықаралық әуежайы 1983 жылдан бері жұмыс істейді және
азаматтық авиацияның әуе кемелерін қабылдау және шығару үшін
жабдықталған. 2011 жылдың мамырында Ақтау әуежайы «ТМД елдері
бойынша жылдың ең үздік әуежайы» байқауында номинация бойынша
жеңімпаз атанған.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2001 жылы құрылды. Банк қызметінің
басты бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін
жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу
өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестиция
тарту болып табылады.
цитата соңы
[2013-02-28]