"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) 01 наурыздан бастап телефон байланысы операторлары үшін ұялы байланыс трафигінің қызмет тарифінің төмендеуі туралы хабарлады
25.02.13 12:36
/KASE, 25.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған (KASE) "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2013
жылдың 25 ақпандағы төмендегі мазмұндағы баспасөз хабарламасын
ұсынды:
цитата басы
2013 жылдың 01 наурызынан бастап "Қазақтелеком" АҚ желісіне
жерглікті деңгейде қосылған телефон байланысының ұялы телефон
операторлары үшін ұялы байланыс трафигіне рұқсат беру қызметі
тарифтеріне көрсетілетін қызметтер төмендейтін болады.
"Қазақтелеком" АҚ ұялы байланыс трафигіне рұқсат беру тарифін орташа
25% төмендетеді. Тарифтерді азайту "Қазақтелеком" АҚ
телекоммуникацияларына жергілікті деңгейде қосылған тұрақты телефон
байланысы операторларының жағдайын жақсарту аясында жүргізіліп отыр.
Жаңа тарифтермен "Қазақтелеком" АҚ ресми порталында www.telecom.kz.
танысуға болады.
"Қазақтелеком" АҚ
қоғамдық байланыс қызметі
цитата соңы
[2013-02-25]