"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) "Parallels үздік серіктесі" атағын алғаны туралы хабарлады

13.02.13 16:10
/KASE, 13.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған,"Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға жолдаған 2013 жылдың 12 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: Parallels компаниясы "Қазақтелекомды" Ресей, Орта және Шығыс Еуропа, Африка аумағындағы өзінің үздік серіктесі ретінде атады. Parallels серіктестерін марапаттау төртінші жыл сайынғы рәсімі Лас- Вегаста Невада штатында Цезарь сарайында Parallels Саммиты барысында өтті. Осы санаттағы награда пайдалануға қолайлы бұлтты сервистерді қамтамасыз ету мүмкіндігін, сондай-ақ кіші және орта бизнес өкілдері арасында клиенттік базаның өсуін көрсеткен компанияларға беріледі 2009 жылы енгізілген Parallels тұғырнамасы базасында, «Қазақтелеком» АҚ пайдаланушылардың барлық санатына хостингтің кешенді қызметтерін, домендік атауларды сату, VPS, MicrosoftHostedExchange, SharePoint және басқаларын ұсынады. Қазіргі уақытта тұғырнамада 15 мыңнан астам клиенттер жұмыс істейді. Сонымен қатар 100 Мб – KZfree әлеуметтік хостингі ұсынылады. Бүгін Қазақстан аумағында «Қазақтелеком» АҚ 14 дата-орталығы қызмет етеді, оның үшеуі 2012 жылы іске қосылған: Павлодар қаласында TIER III класты, Астана және Алматы қалаларында. 2012 жылдың нәтижесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ дата-орталықтарында орналастырылған жабдықтардың жалпы көлемі 1755 Unit құрады. Parallels – қызмет көрсету провайдерлері, компаниялар және жеке пайдаланушыларға виртуалдау және автоматтандыру үшін шешімдер әзірлеу саласындағы әлемдік көшбасшы. 1 миллионнан артық серверлерді және еден үсті ДК қолдайды, 125 елде 10 миллион соңғы пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. 55 астам патенті бола тұра, Parallels Microsoft, Apple, Intel, AMD, Dell, HP, IBM қоса алғанда 500-ден артық компаниялармен ынтымақтасады. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі [2013-02-13]