"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) "ҚазМұнайГаз – Сервис" ЖШС келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлады

08.02.13 15:35
/KASE, 08.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "КазТрансОйл" АҚ "КазМунайГаз – Сервис" ЖШС мүдделі мәміле – "КазТрансОйл" АҚ орталық аппаратының қажеттілігіне өкілеттілік қызметтер көрсету туралы келісім-шартын жасасқаны туралы хабарлайды: 1) акционерлік қоғамның органы шешім қабылдаған датасы ("КазТрансОйл" АҚ Басқармасының шешімі) – 29 қаңтар 2013 жыл; 2) мәміле заты болып табылатын мүліктің құны – 2 132 480 теңге (ҚҚС қосып); 3) мәміле заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалауының датасы – қолданылмайды; 4) мәміле заты болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғамның жалпы активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 0,0006%; 5) мәміленің негізгі елеулі шарттары – "КазМунайГаз – Сервис" ЖШС КазТрансОйл" АҚ орталық аппаратының қажеттілігіне өкілеттілік қызметтер көрсету; 6) мәміле жасасу датасы – 1 ақпан 2013 жыл. [2013-02-08]