"Кселл" АҚ (Қазақстан) TeliaSonera Еуразиялық бөлімшесі жетекшілігінің құрамы өзгергені туралы хабарлады

07.02.13 11:54
/KASE, 07.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 06 ақпанында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Бүгін, Вейсел Арал, «Кселл» Бас атқарушы директоры (СЕО) және Орталық Азиялық аймақ жөніндегі басшысы компанияның Еуразиялық бөлімшесінің Президенті болып тағайындалды. Осы қызметте ол 2012 жылдың қазанында Мобильді қызметтер жөніндегі бөлімше президенті ретінде екі лауазымды бірдей қоса алып жүрген Теро Кивисаари орнын басты. "Вейсел Аралдың біздің Еуразиядағы ең ірі еншілес кәсіпорнымыздың СЕО және аймақтық менеджері ретіндегі жұмыс тәжірибесі зор. Оның сондай-ақ телекоммуникация саласында халықаралық тәжірибесі бар және жақында ол Kcell компаниясының Лондон мен Алматыдағы IPO процесін сәтті аяқтады. Ол Еуразиялық менеджмент ұжымының негізгі мүшесі және мен оны Топ менеджментінің ұжымында қарсы алуға қуаныштымын", - дейді Пер-Арне Бломквист, Президент және СЕО м.а. Вейсел Арал «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры лауазымында қала береді және жұмысын Стамбул мен Алматы қалаларында жалғастырады. Вейсел Арал TeliaSonera тобына 2007 жылы қосылды. Бұрынырақ ол Ericsson компаниясының бірқатар басшы қызметтерінде жұмыс істеді. Ол 1968 жылы туған. Түркияның Таяу Шығыс Техникалық университетінің (Middle East Technical University) физикалық инженерия саласында жаратылыс ғылымдарының бакалавры дәрежесіне ие. цитата соңы [2013-02-07]