Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Кселл" АҚ (Қазақстан) 2012 жылғы жұмыс қорытындысы туралы хабарлады
/KASE, 01.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Кселл" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 31 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Кіріс көлемі және абоненттік базасы бойынша Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы жетекші оператор болып табылатын "Кселл" акционерлік қоғамы (одан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL) – 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған қаржы жылының аудит жүргізілген жұмыс қорытындысын жариялады.
Түсімнің өсуі және ақша қаражатының еркін айналымы
Төртінші тоқсан
- Табыс деңгейі 3.7 пайызға өсіп, 48,900 миллиона теңгені құрады (47,154).
- Бір жолғы шығын есебінсіз EBITDA көрсеткіші 2.1 пайызға азайды, 26,254 миллион теңгені құрады (26,819). EBITDA рентабельдігі бойынша 53.6 пайызға (57.0) азайды.
- Негізгі қызметтен түсетін табыс бір жолғы шығындарды ескермегенде 2.6 пайызға төмендеп, 20,379 миллион теңгені құрады (20,917), ал таза табыс 5.1 пайызға азайды, 15,756 миллион теңгені (16,598) құрады
- Еркін қаржы айналымы едәуір өсіп, 18,361 миллион теңгені (11,422) құрады.
- Клиенттік база 777,000 абонентке артып, 13.5 миллион пайдаланушыны құрады.
Жыл бойы
- Табыс деңгейі 1.8 пайызға өсіп, 182,004 миллиона теңгені құрады (178,786).
- Бір жолғы шығын есебінсіз EBITDA көрсеткіші 4.1 пайызға азайды, 101,426 миллион теңгені (105,794) құрады. EBITDA бойынша рентабельдігі деңгейі 55.7 пайызға (59.2) азайды.
- Негізгі қызметтен түсетін табыс бір жолғы шығындарды ескермегенде 5.1 пайызға төмендеп, 78,645 миллион теңгені құрады (82,898), ал таза табыс 7.5 пайызға азайып, 61,828 миллион теңгені құрады (66,858).
- Еркін қаржы айналымы өсімі 61,155 миллион теңгені құрады (54,108)
- Клиенттік база 2,612,737 абонентке артып, 13.5 миллион пайдаланушыны құрады.
цитата соңы
Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқамыен KASE веб-сайтында:
[2013-02-01]