/KASE, 01.02.13 - 11.01.13 жаңалықты қайталау/ –Қазақстан қор биржасының
(KASE) Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2013 жылғы
10 қаңтардағы шешімімен "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017
(KZ1C00000744, KASE ресми тізімінің бірінші санаты, KZTO) жай акциялары
2013 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексінің есебін жүргізу үшін
өкілеттік тізіміне енгізілді.
Аталмыш акцияларды өкілеттік тізіміне енгізу кезінде Комитет мүшелері
"КазТрансОйл" АҚ жай акцияларын қазіргі уақытта ғана емес, алдағы
уақыттағы орта мерзімдік жоспарда биржадағы өтімді акцияларының бірі деп
санауға болатын факторды ескерді:
- "КазТрансОйл" АҚ "Халықтық IPO" үкіметтік бағдарламасын іске асыру
аясында KASE сауда-саттық жүйесі арқылы жазылу әдісімен 27,9 млрд
теңгеге 38 463 559 акцияларды сатты. Орналастыруға 32 биржа мүшесі
қатысты, онда Қазақстандағы ондағын зейнетақы қорларының өтінімдері
және 34 038 қазақстандық жеке тұлғалардың өтінімдері
қанағаттандырылды;
- KASE қайталама нарығында "КазТрансОйл" АҚ жай акциялары 11 сауда-
саттық күнінде акциялардың өтімділік дәрежесі бойынша KASE
индексінің өкілеттік тізіміндегі жеті акциядан озып, акциялардың өтімділік
ренкингінде бірінші орынға шығып отыр
Аталмыш акциялар 2012 жылдың 05 қарашасынан бастап KASE ресми
тізімінің бірінші санатына енгізілген. Олармен сауда-саттық 2012 жылдың
25 желтоқсанынан бастап ашылды. 2012 жылдың 25 желтоқсанынан бастап
аталмыш акциялар 2012 жылдың желтоқсан –2013 жылдың қаңтар айларына
қалыптасқан өтімді акциялар тізіміне бірінші сынып бойынша енгізілді.
Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында
29 қарашада
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzto мекен-жайы бойынша
жарияланған.
[2013-02-01]