/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2013 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН–НАУРЫЗ АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.02.13 10:05
/KASE, , 01.02.13 - 23.01.13 жаңалықты қайталау/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2013 жылдың ақпан–наурыз айларына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімдерін қалыптастырды. Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2013 жылдың 23 қаңтарындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Маркет- мейкерлер қызметтерінің ережелері" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап 31 наурызына дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары; 2) "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары; 3) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялары; 4) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) артықшылықты акциялары; 5) "Кселл" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акциялары; 6) "БТА Банк" АҚ KZ1C34920013 (сектор "Нелистинговые ценные бумаги", BTAS) жай акциялары; 7) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTKp) артықшылықты акциялары; 8) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі, екінші санат, CCBN) жай акциялары; 9) "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KKGB) жай акциялары; 10) KAZAKHMYS PLС GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары; 11) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары; 12) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі, бірінші санат, RDGZ) жай акциялары; 13) "SAT & Company" АҚ KZ1C54620014 (KZ1C00000553, KASE ресми тізімі, бірінші санат, SATC) жай акциялары; 14) "Баян Сұлу" АҚ KZ1C24120012 (KZ1C00000165, KASE ресми тізімі, екінші санат, BSUL) жай акциялары; 15) "Цеснабанк" АҚ KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBN) жай акциялары. Қолданыстағы, 2012 жылдың желтоқсаны – 2013 жылдың қаңтары кезеңіне қалыптастырылған өтімділігі бірінші кластағы акциялардың тізімімен салыстырғанда 2013 жылдың ақпан–наурыз айларына өтімділігі бірінші кластағы акциялардың тізімдеріне "SAT & Company" АҚ жай акциялары енгізілді (13-ші жайғасым). Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматылық уақытпен 11:30-ден 17:00-ге дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 10 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі қолданылады). Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 7 % мөлшерінде бекітілді. Өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматылық уақытпен 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Бұларда үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіледі, бірақ болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады. Өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 10 % мөлшерінде бекітілді. 2012 жылдың желтоқсаны – 2013 жылдың қаңтары кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/likvid_2012_dec_2013_jan.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. 2013 жылдың ақпан–наурыз кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. Сауда-саттық және Растау жүйесінің регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Маркет-мейкерлердің қызметтері ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділіктерінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-02-01]