2013 ЖЫЛДЫҢ 29 ҚАҢТАРЫНДА ВЕНА ҚОР БИРЖАСЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР АКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҒАЛАРЫНА ТЕҢЕСТІРІЛГЕН KTX LOCAL ИНДЕКСІН ШЫҒАРДЫ

29.01.13 17:50
/KASE, 29.01.13/ – 2013 жылдың 29 қаңтарында Вена қор биржасы (WBAG) жаңа акциялар индексін Kazakhstan Traded Index Local (KTX Local) шығарды. KTX Local өкілеттік тізіміне жай акциялар кіреді: - EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC - 20,18 %; - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ– 19,82 %; - KAZAKHMYS PLС – 19,52 %; - "Қазақстан халықтық жинақ банкі" АҚ – 14,05 %; - "Кселл" АҚ – 12,31 %; - "КазТрансОйл" АҚ – 6,56 %; - "Қазақтелеком" АҚ – 6,04 %; - "Казкоммерцбанк" АҚ – 1,52 %. KTX Local Индексі акцияның нарықтық капиталдауын олардың еркін айналымдағы үлесін және индекс мәні түзету коэффицентін салыстыру арқылы есептеледі. KTX Local Индексі нақты уақыт режимінде жаңартылады, еуро және АҚШ долларымен есептеледі. Есептесулер үшін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) акциялар бағасы жергілікті валютамен қолданылады, олар Thomson Reuters арқылы WBAG беріледі. Конвертациялау үшін есептік кезең ішінде (сауда-саттық күні) Thomson Reuters арқылы әрбір екі минут сайын алынатын теңгенің еуроға немесе АҚШ долларына орташа айырбастау курсы қолданылады. KTX Local сауда -саттық индексі болып табылады және құрылымдық өнімдер (фьючертер мен опциондар) мен стандартты туынды өнімдер үшін негізгі құрал ретінде қолданылады. KTX Local Индексі WBAG тіркелген товарлық белгісі болып табылады және KTX Local барлық құқықтары WBAG жатады. Жоғарыда аталған жай акциялар KASE индекісінің есептесулер үшін өкілеттік тізіміне кіреді, сондай ақ: –EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC және KAZAKHMYS PLС акциялары S&P/OIC COMCEC 50 Shariah Index индексінің өкілеттік тізіміне кіреді; –"ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру"АҚ, "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ және "Казкоммерцбанк" АҚ Dow Jones FEAS Titans индексінің өкілеттік тізіміне жатады; –KAZAKHMYS PLС, EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC, ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру"АҚ, "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ және "Казкоммерцбанк" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, S&P Kazakhstan BMI индексінің өкілеттік тізіміне кіреді. Методика расчета KTX Local Индексін есептеу әдістемесі WBAG веб- сайтында http://en.indices.cc/static/cms/sites/indices/media/en/pdf/download/rules/CEE_CI S_Index_Guide.pdf мекен-жайында табуға болады. [2013-01-29]