"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің - XS0441261921, US48667QAC96 (KMGZe3) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
28.01.13 12:41
/KASE, 28.01.13// – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы)
2013 жылдың 23 қаңтарында өзінің халықаралық XS0441261921,
US48667QAC96 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санаты, KMGZe3) облигациялары бойынша жетінші
купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE)
хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 88 125 000
АҚШ долларын құрады.
[2013-01-28]