"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі компанияның акцияларды сатып алу және сатып алған акцияларын сату мүмкіндігі туралы шешім қабылдады

25.01.13 17:39
/KASE, 25.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE), ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) бүгін төмендегідей мазмұнда баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Айтарлықтай өсім әлеуетін, соның ішінде іске асырылып отырған LTE перспективалық жобасымен байланысты өсімді ескере отырып, «Қазақтелеком» АҚ акционерлері мен менеджменті компания акциясының ағымдағы нарықтық құны акцияның шын мәніндегі (әділ) құнына сәйкес келмейді деп санайды. Компания «Алтел» АҚ-мен бірлесіп, бірегей инновациялық өнім - 4G технологиясы бойынша Интернет желісіне мобильді қатынау қызметтерін ұсынуды нарыққа шығарды. Келешекте GSM стандартындағы мобильді дыбыс байланысы қызметтерін ұсыну жоспарланып отыр. Осыған байланысты «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ашық сауда тәсілімен Қоғамның акцияларын сатып алу мүмкіндігі және одан әрі сатып алынған акцияларды сату жөнінде шешім қабылдады. Көрсетілген шешіммен сатып алуға және одан кейінгі сатуға болатын мерзім мақұлданды – 3 (үш) жыл ішінде. Директорлар кеңесінің шешімін жүзеге асыру мақсатында, Компания заңнама талаптарын ескере отырып, Бағалы қағаздарды сатып алу және одан әрі сату бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл бағдарламаларын Директорлар кеңесінің жеке шешімдерімен қосымша бекітілетін болады. Қоғамның бағалы қағаздарын сатып алу және сату бағдарламасын Директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, тиісті ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан қор биржасы сайтында өз уақытында жарияланатын болады. цитата соңы [2013-01-25]