"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KZTKb2) облигациялары бойынша 8-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,48450 % құрады

21.01.13 10:26
/KASE, 21.01.13/ - "Қазақтелеком" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb2), облигациялары бойынша 8-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,48450 % көлемінде белгіленді деп хабарлады. [2013-01-21]