"КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
18.01.13 11:26
/KASE, 18.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың
01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C29950017, KZ1C00000744 жай
акцияларының жалпы саны 384 635 600 дана;
- компанияның 384 635 600 акциялары орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы
бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға
"Қазмұнайгаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) болып табылады,
меншігінде компанияның 346 172 040 (компанияның жалпы орналасқан
акцияларының 90,00 %) акциясы бар.
[2013-01-18]