"КСЕЛЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ 2013 ЖЫЛДЫҢ 01 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІНІҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

11.01.13 18:21
/KASE, 29.11.12/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы шешімімен "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімінің бірінші санаты, KCEL) жай акциялары 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексінің есебін жүргізу үшін өкілеттік тізіміне енгізілді. Аталмыш акцияларды өкілеттік тізіміне енгізу кезінде Комитет мүшелері "Кселл" АҚ жай акцияларын қазіргі уақытта ғана емес, алдағы уақыттағы орта мерзімдік жоспарда биржадағы өтімді акцияларының бірі деп санауға болатын факторды ескерді: - "Кселл" АҚ KASE сауда-саттық жүйесі арқылы жазылу және арнайы мамандандырылған сауда-саттық әдісімен 7,5 млрд теңгеге 4,7 млн аталмыш акцияларды сатты. Жазылымға 20 биржа мүшесі, ал арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа – 15 мүшесі қатысты, Қазақстандағы барлық сатып алынған акциялар 286 жеке шоттардан жүзеге асырылды; - "Кселл" АҚ жай акцияларын сатуда халықаралық нарықта және Лондон қор биржасында жахандық депозитарлық қолхаттардың листинг мәліметтерінің негізгі активтері "Кселл" АҚ жай акциялары болып табылатын жахандық депозитарлық қолхат ұсыныстарымен бірге жүрді; - KASE қайталама нарығында сауда-саттық ашылған соң бір айдың ішінде "Кселл" АҚ жай акциялары акциялардың өтімділік дәрежесі бойынша KASE индексінің өкілеттік тізіміндегі жеті акцияның алтауынан озып, акцияларды өткізу ренкингінде үшінші орынға шығып отыр. "Кселл" Ақ жай акциялары 2012 жылдың 29 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің бірінші санатына енгізілген. Олармен сауда-саттық 2012 жылдың 14 желтоқсанынан бастап ашылды. 2012 жылдың 14 желтоқсанынан бастап аталмыш акциялар 2012 жылдың желтоқсан – 2013 жылдың қаңтар айларына өтімді акциялар тізіміне бірінші сынып бойынша енгізілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында 29 қарашада http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kcel мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-01-11]