2012 жылдың 19 желтоқсанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

14.12.12 17:40
/KASE, 14.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің өтініші негізінде 2012 жылдың 19 желтоқсанынан бастап "Кселл" АҚ (Алматы) автоматты репо нарығында репо операциясының мерзімі 7, 14 және 28 күн, жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, ондағы репо операциясының заты ретінде KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санаты) халықаралық облигациялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше коды R_KCEL_007, R_KCEL_014 және R_KCEL_028 берілді. [2012-12-14]