/ҚАЙТАЛАУ/ 11 ЖЕЛТОҚСАНДА БИРЖАДА "КСЕЛЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

11.12.12 11:51
/KASE, 11.12.12 - 29.12.11 жаңалықты қайталау/ – 2012 жылдың 11 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "КСЕЛЛ" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы уәкілетті сатып алушысы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ артқышылықты акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 200 000 000 дана. Сатып алушы қағаздардың айтылмыш санынан 50 000 000 акцияны сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 13:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – – KCEL. Сатып алушы кесімді бағаны 2012 жылдың 12 желтоқсанға ALT 11-00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Есептесу жүргізілетін күні өтінімді қанағаттандыру сәтінде аталмыш акциялардың сатушылары бағалы қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы өз есеп-шоттарында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы тиісті есеп-шотында 2012 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11:00-ге (Т+3) дейін бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір артықшылықты акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сатып алушы бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан төмен өтінімдердің барлығын қанағаттандыра алады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін бағалы қағаздардың сатушылары сатуға ұсынылған бағалы қағаздардың айналыста болуын шектейтін қандай да бір келісім-шарттың немесе заңнама негізінде кепіл заты болмайтынын, немесе қандай да бір ауыртпалық салынбағанын, сондай-ақ оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес иеліктен шығаруға тиісті рұқсаттар алынғанын, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың келісімі берілгенін кепілдеуі міндетті. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KCEL/kcelf9_2012.pdf мекенжайы бойынша жарияланған [2012-12-11]