"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2012 жылдың 28 желтоқсанында өтетін кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілді
10.12.12 11:14
/KASE, 10.12.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан
әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 28 желтоқсанындасағат 15:00-ге
бекітілген компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн
тәртібіндегі мәселелерге толықтыру енгізілгені туралы мәлімдеме жасады:
Аталмыш жиналысты толықтыруды ескергендегі күн тәртібі:
- компанияның жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы;
- компанияның акционерлерінің жалпы жиналысының ережесіне
толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің ережесіне толықтырулар мен
өзгертулер енгізу туралы;
- компанияның тәуелсіз директорларын таңдау саясатын бекіту
туралы;
- компанияның дивиденттік саясаты туралы ережені бекіту туралы;
- компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен
толоықтырулар енгізу туралы;
- компанияның тәуелсіз директорларына жылдық қосымша және
белгіленген сыйақы төлеу көлемін анықтау туралы.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Сауран к., 12, отырыс
залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін
жүргізіледі.
Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың
28 қарашадағыі жағдай бойынша құрастырылған.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2013 жылдың 18 қаңтарында сол уақытта жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Астана қ.,
Сауран к., 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.:
(727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.
[2012-12-10]