ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ ҚАРАПАЙЫМ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
06.12.12 16:57
/"КазТрансОйл" АҚ ресми сайты – www.kaztransoil.kz, 06.12.12/
"ҚазТрансОйл" АҚ кеше 2012 жылдың 5 желтоқсанында сағат 19:00-де
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына "Халықтық IPO"
бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында
орналастырылған "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қарапайым акцияларына өтініштерді
қабылдаудың (жазылу) аяқталғаны туралы хабарлайды.
Акцияларға жазылу рәсімі "Акцияларға жазылу ережелеріне" сәйкес
өткізіледі. Бұл ереже "Қазақстан Қор биржасының" Биржалық кеңесінің
шешімімен (2012 жылдың 29 наурызындағы №05 хаттама) бекітіліп, "Бағалы
қағаздардың орталық депозитариі" АҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау
комитетімен келісілген.
Жазылу шарттарына сәйкес брокерлік компаниялар кітапқа тек қамтамасыз
етілген (яғни төленген) өтініштерді беруге міндетті. "ҚазТрансОйл" АҚ
қамтамасыз етілмеген өтініштерді қайтару / қанағаттандырмау құқығын өзіне
қалдырады.
Акцияларға жазылудың алдын ала нәтижелеріне сәйкес барлығы 25 218
өтініш берілген, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы азаматтарынан – 25 207 өтініш;
ЖЗҚ және маркет-мейкерлерден – 11 өтініш түскен.
Сұраныс көлемі 55,9 млрд. теңгені құрап отыр, бұл орналастырылған
акция көлемінен екі есе жоғары. Қазақстан Республикасының
азаматтарынан 18,7 миллиард теңге сомасына өтініш түскен, бұл
орналастырылған акция сомасының 67%-н құрайды. Жеке тұлғалар
берген өтініштердің орташа сомасы шамамен 740 мың теңгені құрайды.
Жазылу кезінде өтініштерді беріп үлгермеген азаматтар Қазақстан Қор
биржасында ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап қайталама
сауда ашылғаннан кейін акцияларды сатып ала алады.
Өтініштердің біржолата көлемі "Қазақстан Қор биржасы" АҚ-да өтініштерді
тапсыру аяқталған соң, сондай-ақ, "ҚҚБ" АҚ жеке инвесторлар (Қазақстан
Республикасы азаматтары) мен отандық жинақтаушы зейнетақы қорларынан
акцияларды сатып алу туралы алынған өтініштер тізілімін "ҚазТрансОйл" АҚ-
на тапсырған соң, 2012 жылдың 10 желтоқсанынан кейін белгілі болады.
2012 жылдың 19 желтоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ қанағаттандырылған
өтініштердің тізілімін "Қазақстан Қор Биржасы" АҚ-на тапсыратын болады.
Акциялар инвесторлардың түрлі топтары арасында келесі тәртіп бойынша
үлестірілетін болады:
Қайталама нарықтағы өтімділікті сақтау үшін маркет-мейкердің
акциялар бойынша берген өтініші толығымен қанағаттандырылады.
"ҚазТрансОйл" АҚ сомасы 7 миллион теңгеден аспайтын жеке
инвестордан түскен өтінішті бірінші кезекте толығымен
қанағаттандыратын болады.
Жеке инвесторлардан берілген бірінші кезекте қанағаттандырылатын
өтініштердің жиынтық сомасы (7 миллион теңге сомасындағы немесе
осы мөлшерден аспайтын өтініш бөлігі) орналастырылған акциялар
көлемінен жоғары болмаған жағдайда (маркет-мейкердің өтініштерін
есептемегенде), жеке инвесторлардың мұндай өтініштері толығымен
қанағаттандырылатын болады.
Жеке инвесторлар тарапынан берілген өтініштердің жиынтық сомасы
акциялар көлемінен артық болған жағдайда (маркет-мейкердің
акциялар бойынша өтінішін есептемегенде), өтініштерді
қанағаттандырудың ең үлкен сомасы келесі тәртіп бойынша
төмендетілетін болады:
а. өтініштерді қанағаттандырудың 7 000 000 (жеті миллион)
теңгеге тең ең жоғарғы сомасынан бастап төмендетілетін
болады;
ә. төмендету қадамы бір акция құнына тең соманы құрайды;
б. сұраныс мөлшері мен акциялар көлемі теңестірілгенге дейін
төмендетілетін болады.
Жеке инвесторлардың арасында сұранысқа ие болмаған акциялар
көлемі зейнетақы қорларының берген өтініштеріне сәйкес осы
қорлардың арасында орналастырылатын болады.
Зейнетақы қорларынан түскен сұраныстың жиынтық көлемі қалған
акциялар көлемінен асып түскен жағдайда, зейнетақы қорларының
өтініштері олардың көлеміне сәйкес қанағаттандырылатын болады.
Зейнетақы қорлары арасында сұранысқа ие болмаған акциялар
көлемі жеке инвесторлардың өтініш сомасының 7 000 000 (жеті
миллион) теңгеден асатын бөлігін қанағаттандыру үшін келесі тәртіп
бойынша үлестірілетін болады:
егер сұраныстың жиынтық көлемі қалған акциялардың көлемінен аз
немесе оған тең болса, барлық өтініштер толығымен
қанағаттандырылады;
егер сұраныстың жиынтық көлемі қалған акциялардың көлемінен көп
болса, өтініштер 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден асатын мөлшерге
сәйкес қанағаттандырылады.
Инвесторлардың әртүрлі топтарына үлестірілетін акцияларды нарыққа
орналастыру кезінде өтініштің қай уақытта берілгені ескерілмейді.
2012 жылдың 24 желтоқсанында "Қазақстан Қор Биржасы" АҚ жүйесінде
есеп-айырысуды аяқтау жоспарланып отыр. 2012 жылдың
25 желтоқсанында бағалы қағаздардың қайталама нарығында
"ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын саудалаудың ашылуы күтілуде.
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы.
меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай
және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан
Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл»
АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі
нарыққа тасымалдайды.
АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей
Федерациясы немесе Жапония аумақтарында тікелей немесе жанама
түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 555 135
[2012-12-06]